Маршалл Брюс Мэтерс III немесе Эминем атымен жұртқа танымал америкалық музыкант АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы рэп айтты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Rolling Stone мәліметіне сүйене отырып жазады.
Эминемнің Трампқа қарсы кеше ғана жариялаған бейнеклипі бүгін 3 748 752 рет қаралған.
Ол BET Hip Hop Awards сыйлығын табыстайтын іс шараға қатысып, онда рэп айтты. Рэпте Трамптың көші-қон, жемқорлық, расизм және бақылауда ұстау, қару-жарақ айналымы мәселелері бойынша қатал сынға алды.
Рэп соңын өз жанкүйерлеріне арнады, айтқысы келгені Трампты жақтайтын жанкүйерлер «не Трампқа қарсы не оны жақтайтындығын» ажыратып алуы керек.
Егер олай етпей, кімді қаттырақ жақсы көретіндіктеріне шүбә келтірсе, оны рэпердің өзі шешеді.
Рэптың соңында Эминем дөрекі ишарат жасады. Мұның алдында да ол өз көрермендерімен бірге Трампты қаралаған болатын.